Тоқаев БҰҰ-ның әлсіздігін Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің себебі деп атады
(last modified Wed, 22 Jun 2022 13:18:23 GMT )
Маусым 22, 2022 19:18 Asia/Almaty
  • Тоқаев БҰҰ-ның әлсіздігін Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің себебі деп атады

Катар экономикалық форумының кезектен тыс отырысында Қазақстан Президенті Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстағы БҰҰ-ның әлсіздігіне алаңдаушылық білдірді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік-украиндық қақтығысты бейбіт жолмен  шешу келешегі үшін келіссөздер үдерісін жалғастыру маңыздылығын және екі тараптың ізгі ниетінің қажеттігін  қуаттады. Қазақстан Президенті БҰҰ-ның болашағына алаңдаушылық білдіре отырып, халықаралық қауымдастықтағы келіспеушіліктер мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұл мәселені шешудегі әлсіздігін атап өтті. Тоқаев: «Ресей мен Украинаның бейбітшілікке қол жеткізуі үшін оларға оң әсер ету үшін халықаралық қауымдастықтың бірігуі және ынтымақтасуы қажет»,- деді. Қазақстан Президенті Катар Әмірінің жеке шақыруымен Экономикалық форумға қатысу үшін Дохаға сапар шекті.

Тегтер