Қазақстан Каспий көлік дәліздерін толық пайдалануды сұрады
(last modified Wed, 29 Jun 2022 11:16:17 GMT )
Маусым 29, 2022 17:16 Asia/Almaty
  • Қазақстан Каспий көлік дәліздерін толық пайдалануды сұрады

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Нұр-Сұлтанның көлік және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты қолдауына тоқталып, Каспий көлік дәліздерін толық пайдалануды қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Мұхтар Тілеуберді: «Қазақстан Каспий маңы мемлекеттерінің ынтымақтастығы аясында  көлік және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді, жаңа көпжақты бағыттарды құруды, оның ішінде Каспий көлік дәліздерін пайдалануды қолдайды»,- деді. Тілеуберді   сейсенбі күні Каспий жағалауы елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде екінші қадамда сауда арналарының әртүрлілігін қамтамасыз ету қажет екенін айта келе, ол әріптестерін отандық өндірісті қолдау жүйесін, ашық нарықтарды, халықаралық сауда мен қоғамдық қатынастарды ынталандыруды бірлесіп қолдауға шақырды.  

Тегтер