Тоқаев Еуроодақ Кеңесінің төрағасымен сөйлесті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i62364
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуроодақ Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишельмен телефон арқылы сөйлескен кезде тараптардың өткен жылдың қарашасындағы кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 09, 2022 19:03 Asia/Almaty
  • Тоқаев Еуроодақ Кеңесінің төрағасымен сөйлесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуроодақ Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишельмен телефон арқылы сөйлескен кезде тараптардың өткен жылдың қарашасындағы кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Токаев өз сөзінде, сондай-ақ, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында Еуропалық Одақпен кең ауқымды серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған бірінші мемлекет екенін, бұл екі тарап арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтергенін мәлімдеді. Қазақстан Президентінің айтуынша, Нұр-Сұлтан Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы «буферлік нарық» рөлін атқара отырып, өз үлесін қоса алады. Такаев сондай-ақ Еуропалық Одақты балама құрлықаралық дәліздерді, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуда ынтымақтастыққа шақырды.