Шіл 16, 2022 18:35 Asia/Almaty
  • Қазақстанның  дрондары Сербияға экспортталады

Сербия Қазақстаннан ұшқышсыз ұшақ сатып алады.

 

Бұл дрондарды сатып алу туралы келісімге «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы мен сербиялық «Югоимпорт-СДПР» (YUGOIMPORT-SDPR) компаниясы арасында қол қойылған. «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының хабарлауынша, бұл ел шығарған   ұшқышсыз ұшақтар  жылу ағынының тренажерімен, тез ажыратылатын қанаттарымен, автоматты ұшқыш жүйесімен және парашют жүйесімен жабдықталған. Бұл дрондардың тоқтаусыз максималды ұшу қашықтығы 55 км, ең жоғары ұшу биіктігі 3500 метр. «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов: «Қазақстан мен Сербия арасында қол қойылған келісімге сәйкес, жақын арада зымырандар мен артиллериялық оқ-дәрілер, сондай-ақ 82 және 120 мм калибрлі  бірлесіп шығару басталады деп мәлімдеді.

 

Тегтер