Там 07, 2022 20:15 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында шекаралық белгілер қою туралы келісімнің алғынұсқасы дайындалды

Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының қатысуымен мемлекетаралық шекараны белгілеу туралы келісімнің алғынұсқасы дайындалды.

Қазақстан мен Өзбекстанның 2203 км ортақ шекарасы бар. Екі елдің шекарасын анықтау жұмыстары 2003 жылы басталса, 2004 жылы 1 сәуірде белгі қою жұмыстары жүргізіле бастады.

Қазақстан мен Өзбекстан екі елдің мемлекетаралық шекараны белгілеу туралы келісімнің алғынұсқасын үйлестіріп, қорытынды құжаттар пакетін дайындауды аяқтады.

Қазақстан мен Өзбекстанның ортақ комиссиясының мемлекетаралық шекараны белгілеу туралы кезеңдік отырысы 25 шілде мен 5 тамыз аралығында Алматы қаласында өтті.

Осы диалог аясында тараптар екі елдің мемлекетаралық шекараны белгілеу туралы екіжақты келісімнің алғынұсқасының мәтінін үйлестіру жұмыстары мен қорытынды құжаттар пакетін топтастыруды аяқтады.

Келесі отырыс Өзбекстан жерінде дипломатиялық желілер арқылы үйлестірілген уақытта өтетін болады.

Тегтер