Қазақстан табиғи апаттардан жылына 477 млн доллар шығын көреді
(last modified Thu, 11 Aug 2022 11:08:12 GMT )
Там 11, 2022 17:08 Asia/Almaty
  • Қазақстан табиғи апаттардан жылына 477 млн доллар шығын көреді

Қазақстан табиғи апаттардан, әсіресе жер сілкінісі мен су тасқынынан жылына 477 млн доллар шығын көреді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда жер көшкіні, су тасқыны, құрғақшылық, қар көшкіні, аптап ыстық пен қақаған аяз болады. Осы табиғи құбылыстар жыл сайын елдің экономикасына орасан зор шығын әкеледі. Бұған қарамастан Қазақстан халқы мен экономикасы ең көп шығынды жер сілкінісі мен су тасқынынан көреді.    

Қазақстанда су тасқыны қатері зор. Өйткені жауын-шашын мен қардың еруі айтарлықтай шығын әкеледі. Орта Азияның қоршаған орта орталығының 2022 жылғы есебіне сәйкес, жыл  сайын су тасқынынан туындайтын шығынның орташа есебі 419 млн доллар деп болжанып отыр. Бұл жер сілкінісінің шығынынан 7 есе артық. Жер сілкінісінің шығыны 58 млн долларды құрайды.

Қазақстанның барлық өңірлерінде су тасқыны болу ықтималы зор. Қазақстанның солтүстігі, оңтүстігі мен орталық өңірлеріне 30 млн-нан аса долларға зиян тигізіліп жатыр. Қызылорда қаласында жылдық шығынның ең жоғары деңгейі, яғни 60,7 млн доллар шығын тіркелді. Батыс Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстарында шығын жылына 40 млн доллардан асады.

Тегтер