Там 12, 2022 16:47 Asia/Almaty
  • Қазақстанның астанасында Орта Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұр-Сұлтан қаласында Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің ашылу рәсіміне қатысты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Орта Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды.

Қазақстанның бұрынғы президентінің баспасөз өкілі Твиттердегі жеке парақшасында 10 га аумақты алып жатқан мешіттің ашылғанын хабарлады.

Үкіметтің көмегінсіз салынған бұл мешіттің бас күмбезінің биіктігі 90 метр, мұнараларының биіктігі 130 метр.

Назарбаев ашылу рәсімінде: «Мешітте бір мезгілде 30 мың адам намаз оқи алады»,-деді. 

 

 

Тегтер