Там 15, 2022 18:21 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Орта Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің ашылу рәсімі өтті.

Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің аумағы 10 га, сыйымдылығы – 235 мың адам. Ол әлемдегі ең ірі 10 мешіттің қатарына жатады.

Мешіттің бас күмбезінің биіктігі 90 метр. Айналасына көгілдір түсті 8 кіші күмбез салынған. Мешітті айнала орналасқан мұнаралардың биіктігі 130 метр.

Қазақстанның 19 млн-нан аса халқының 70 пайыздан астамы – мұсылмандар. Олардың көбі сүнниттердің Ханафи мазхабын ұстанады.

Тегтер