Қазақстан мен Қытай дипломаттары виртуалды отырыс өткізді
(last modified Mon, 22 Aug 2022 12:37:40 GMT )
Там 22, 2022 18:37 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қытай дипломаттары виртуалды отырыс өткізді

Қазақстан мен Қытай дипломаттары консулдық консультациялардың жетінші кезеңін өткізді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан СІМ дүйсенбі күні осы виртуалды отырыс туралы айтып: "Отырыста қазақ делегациясын ҚР СІМ-нің консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев басқарса, қытай делегациясын ҚХР СІМ-нің косулдық бөлімінің директоры У Си басқарды",-деді.

Осы отырыста консулдық істер саласында екіжақты әріптестік, соның ішінде екі ел территориясында азаматтар мен құқықтық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және Қазақстан мен Қытайдың консулдық географиясын дамыту мәселелері талқыланды.

Осы кеңесте Қазақстан азаматтарына, бірінші кезекте Қытай оқу орындарында оқитын адамдар үшін қытай визасын беруді жылдам бастау мәселесі көтерілді.

 

Тегтер