Там 24, 2022 21:35 Asia/Almaty
  • Қазақстанның мұнайын экспорттауда уақытша кідіріс туындайды

Каспий құбыр желісі консорциумы терминалдағы жөндеу жұмыстарына байланысты Қазақстанның мұнайын экспорттауда уақытша кідіріс туындайды деп хабарлады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Каспий құбыр желісі консорциумы сейсенбі: "Ресей мен Қазақстанның шикі мұнайын Қара теңіз терминалындағы танкерлерге құятын екі құбыр желісін жөндеу жұмыстары кемінде бір айға созылады, сондықтан мұнай тасымалдауда кідіріс туындайды",-деп хабарлады.

Терминалдағы екі кемежай наурыз айында болған дауылдан бұзылған еді. Олар жөндеуден өткеннен кейін сəуір айында қайта қолданысқа берілді.

Əлемдегі мұнайдың бір пайызға жуығы осы терминалдан экспортталады. Ол Қазақстан мұнайын экспорттайтын басты бағыт саналады.

Тегтер