Қазақстан Кабулдағы лаңкестік әрекетті айыптады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i63740
Қазақстан Ауғанстан астанасы Кабулдағы Ресей елшілігінің жанында ресейлік дипломаттардың өліміне әкеп соққан лаңкестік әрекетті қатаң айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 06, 2022 14:24 Asia/Almaty
  • Қазақстан  Кабулдағы лаңкестік әрекетті  айыптады

Қазақстан Ауғанстан астанасы Кабулдағы Ресей елшілігінің жанында ресейлік дипломаттардың өліміне әкеп соққан лаңкестік әрекетті қатаң айыптады.

 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап: «Қазақстан 2022 жылдың 5 қыркүйегінде Кабулдағы Ресей елшілігі ғимаратының маңында ресейлік дипломаттардың қаза болуына әкелген лаңкестік әрекетті қатаң айыптайды. Қазақстан Ауғанстан тарапының осы оқиға бойынша жан-жақты тергеу жүргізіп, кінәлілерді заң аясында қатаң жазалауы, сондай-ақ Ауғанстанда тұратын елшіліктер мен шетел азаматтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау қажет деп санайды»,- деп жариялады.

Дүйсенбі күні түстен кейін Кабулдағы Ресей елшілігінің маңындағы  лаңкестік әрекеттен кем дегенде 15-20 адам қаза тапты немесе жараланды.