Қазақстан мен Өзбекстан басшылары өзара қарым-қатынасты кеңейту керегін қуаттады
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары телефон арқылы сұхбаттасып, әртүрлі салаларда, соның ішінде экономика саласында өзара қарым-қатынасты кеңейту керегін қуаттады.
Қазақстан мен Өзбекстанның сауда айналымы 2021 жылы 3 млрд 900 млн доллардың деңгейінде болды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев бейсенбі күні телефон арқылы сұхбаттасып, екі ел үшін сауда, өнеркәсіп, энергетика, тасымал мен логистика, ауыл шаруашылығы және басқа экономикалық салалардағы жобаларды орындаудың маңызды екенін айтты.
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары, сондай-ақ, аймақтық мәселелерді қарастырып, ағымдағы айда Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін талқылады.
Қазақстан – Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі.
Қазіргі таңда Өзбекстанда 260 компания, соның ішінде 192 ортақ компания және 37 таза қазақ компаниясы Қазақстанның инвестициясымен құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сауда, тамақ өнеркәсібі, металлургия және машина жасау саласында жұмыс істеп жатыр.