Қыр 10, 2022 13:46 Asia/Almaty
  • 11 мыңнан астам қазақ еліне оралды

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі былтыр 11 мыңнан астам қазақстандық иммигрант еліне оралғанын хабарлады.

 

1991 жылдан бері Қазақстанға шетелден бір миллион 99 мыңнан астам қазақ азаматы оралды.   Қазақстанға оралған қазақтардың жартысынан көбі  69,6%  Өзбекстаннан, 10,5% Қытайдан, 7,1% Түркіменстаннан, 4,6% Моңғолиядан және 8,3% басқа елдерден келген. Атамекеніне оралған қазақтар негізінен  Алматы  (30,8 пайыз),  Маңғыстау  (17,2 пайыз),  Түркістан  (9,4 пайыз),  Жамбыл  (6,8 пайыз) сияқты облыстарда, сондай-ақ  Шымкент  (7,6 пайыз),  Нұр-Сұлтан  (7,5 пайыз) және  Алматы  (5,9 пайыз) қалаларында орналасты.

 

Тегтер