Қазақстаннан Еуропаға бидай экспорты артты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i63916
Қазақстан бидайының Еуропаға экспорты артты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 12, 2022 18:39 Asia/Almaty
  • Қазақстаннан Еуропаға бидай экспорты артты

Қазақстан бидайының Еуропаға экспорты артты.

Қазақстан – әлемдегі ең ірі 10 астық экспорттаушының бірі. Бұл ел әлемнің түрлі елдеріне астық экспорттайды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі биыл қаңтар-шілде айларында Еуроодаққа мүше елдерге бидай экспортының екі есе артқанын хабарлады.

Осы аралықта Қазақстан Еуропаға 183,3 мың тонна бидай экспорттады. Бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,1 есе артық.  

Еуропа елдеріне бидай экспортының қаржы көлемі 3,1 есе, 25,1-ден 77 млн долларға дейін өсті.