Қазақстанның азаматтық белсенділері елде бір салафилік мектептің ашылғанына алаңдаушылық білдірді
(last modified Mon, 12 Sep 2022 14:34:16 GMT )
Қыр 12, 2022 20:34 Asia/Almaty
  • Қазақстанның азаматтық белсенділері елде бір салафилік мектептің ашылғанына алаңдаушылық білдірді

Қазақстанның азаматтық белсенділері елде бір жеке салафилік мектептің заңсыз ашылғанына алаңдаушылық білдірді.

Бұған дейін ақпарат көздері Орта Азия елдерінде экстремизмнің өршіп тұрғанын ескерткен болатын. Осындай жағдайда кейбір ақпарат құралдары Батыс елдері, әсіресе АҚШ-тың лаңкестік топтарды, соның ішінде ДАИШ-ты Ауғанстаннан Орта Азия елдеріне кіргізуге талпынып жатқанын ескертті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Атырау қаласындағы азаматтық белсенділер дүйсенбі күні салафилік мектептің жабылуын талап етті.

Қазақстанның азаматтық белсенділері салафилік мектеп арқылы экстремизмнің өршитініне алаңдаушылық білдірді.

Атырау қаласының білім және тәрбие департаменті: "Бұл департамент жеке мектеп ашуға ешқандай рұқсат бермеді. Сондықтан тиісті шара қолданылады",-деп мәлімдеді.

Тегтер