Қытай Басшысы сәрсенбі күні Қазақстанға сапар шегеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i63944
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сәрсенбі күні Қытай басшысының Нұр-Сұлтанға сапары туралы хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 13, 2022 18:16 Asia/Almaty
  • Қытай Басшысы сәрсенбі күні Қазақстанға сапар шегеді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сәрсенбі күні Қытай басшысының Нұр-Сұлтанға сапары туралы хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында Қытай басшысының Нұр-Сұлтанға ресми сапарын жариялап: «Бұл сапар Қазақстан басшысының шақыруымен 14 қыркүйекте (ертең, сәрсенбі) өтеді»,- деді. 

Смадияровтың айтуынша, осы сапар аясында Қазақстан мен Қытай басшыларының екіжақты келіссөздері өтеді. Сондай-ақ ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы екіжақты құжаттарға қол қойылады. Смадияров: «Бұл сапар екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету және саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда»,- деді.