Қытай басшысы Қазақстанға сапармен келді
(last modified Wed, 14 Sep 2022 13:19:32 GMT )
Қыр 14, 2022 19:19 Asia/Almaty
  • Қытай басшысы Қазақстанға сапармен келді

Қытайдың ақпарат көздері Қытай басшысының Қазақстанға келгенін хабарлады.

Қытай басшысы бүгін Орталық Азия сапарын үш күндік Қазақстанға сапармен бастады, ол одан кейін Өзбекстанға барады. Бұл Си Цзиньпиннің коронавирус пандемиясынан екі жарым жылдан кейінгі алғашқы сапары.

Си Цзиньпин бейсенбі күні Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы аясында Ресей басшысы Владимир Путинмен кездеседі деп күтілуде. Сегіз елден тұратын бұл ұйымның басшылары кездесіп, аймақтық қауіпсіздік, экономикалық және саяси ынтымақтастықты талқылайды. Сондай-ақ, осы сапар барысында Қытай басшысы қазақстандық және өзбекстандық әріптестерімен аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша кездеседі. Қытай Сыртқы істер министрлігінің сейсенбі күнгі мәлімдемесіне қарағанда, бұл сапар қазан айында өтетін Коммунистік партия съезінің маңызды отырысы қарсаңында өте маңызды болып саналады.

 

 

 

Тегтер