Қыр 24, 2022 18:30 Asia/Almaty
  • Қазақстанда президенттікке үміткерлерді тіркеу басталды

Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеу басталды.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді, ол Тоқаевтың айтуынша, елдің саяси жүйесінде жалпы өзгерістерге әкеледі. Қазақстан парламентшілері жақында президент 7 жылдық мерзімге сайланатын конституциялық түзетулерді мақұлдады.

Fars news агенттігінің хабарлауынша, азаматтығы бар, Қазақстан аумағында соңғы 15 жыл бойы өмір сүрген, жоғары білімі бар, жасы 40-қа толған, белсенді сайлау құқығы бар,  мемлекеттік қызметте неме­се сайланбалы лауазымда ке­мінде 5 жыл жұмыс істеген және мемлекеттік тілді еркін меңгерген адам елдегі кезектен тыс президент сайлауына үміткер бола алады. Қазақстандағы  кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуға үміткерлер 11 қазан күні сағат 18:00-ге дейін дайын екендіктерін мәлімдей алады.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы бұл елде 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін дауыс беруге құқығы бар азаматтардың санын 11,8 миллион деп жариялады. Қазақстан президенті сайлауында әрбір үміткерге жарнама үшін 10 миллион теңге төленеді.

 

Тегтер