Қазақстанда Назарбаевтың суреті банкнот бетінен алып тасталды
Қазақстанның Ұлттық банкі осы елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін банкноттардың бетінен алып тастап, оның орнына бір бүркіттің сұлбасын салды.
Тағы бір символдық шарада Қазақстан Парламенті осы айда ел астанасының атауын «Нұр-Сұлтаннан» «Астанаға» өзгертті, Тұңғыш Президент күнін елдің мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастады.
Бұл мереке Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы әрі Тұңғыш Президенттің өлшеусіз еңбегін ресми түрде тану үшін белгіленген болатын.
20 мың теңгелік жаңа банкнотта Ақорданың жанында Назарбаевтың суреті көрінбейді.
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы сәуірде биліктен бас тартты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті ретінде қызмет ете бастады.
Қазақстанның бұрынғы президенті биліктен бас тартқанымен, осы елдің Қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік басшысы әрі «Нұр-Отан» партиясының төрағасы болып қала берді. Бірақ 2021 жылы қаңтар айында болған оқиғалардан кейін осы лауазымдардан да айырылды.