Өзбекстан Президенті Қазақстанға сапар шегеді
(last modified Wed, 12 Oct 2022 12:57:53 GMT )
Қаз 12, 2022 18:57 Asia/Almaty
  • Өзбекстан Президенті Қазақстанға сапар шегеді

Өзбекстан Президенті Азиядағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім кеңесіне саммитіне қатысу үшін Қазақстанға сапар шегеді.

 

 

Ертең, бейсенбіде (13 қазан) Қазақстанның елордасы Астана қаласында Азиядағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім кеңесіне (АӨСШК) 6-шы саммиті өтеді.

Ташкенттегі «Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Өзбекстан президенттігінің баспасөз бөлімінің басшысы  Ширзад Асадов осы елдің президенті  Шавкат Мирзиёевтің  бүгін (сәрсенбі) Қазақстанға сапар шеккенін хабарлады.

2020-2022 жылдары Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім кеңесіне төрағалық етеді. Бұған дейін бұл ұйымды Түркия, Қытай, одан кейін Тәжікстан басшылары басқарды.

Бұл ұйымды құру идеясын алғаш рет 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас ассамблеясының 47-ші сессиясында сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Қазіргі уақытта 27 негізгі мүше мемлекет және 8 мемлекет, 5 аймақтық және халықаралық ұйым бақылаушы мүшелер болып табылады.

Сондай-ақ, Шавкат Мирзиёевтың Астанаға сапары аясында оның шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен екіжақты кездесулері жоспарланған.

Шавкат Мирзиёев 14 қазанда Қазақстанда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің мерзімді отырысына және Орталық Азия және Ресей отырысына қатысуы керек.

 

Тегтер