Қазақстанда ТМД басшыларының саммиті басталды
(last modified Fri, 14 Oct 2022 12:26:44 GMT )
Қаз 14, 2022 18:26 Asia/Almaty
  • Қазақстанда ТМД басшыларының саммиті басталды

Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше мемлекеттер басшыларының саммиті басталды.

 

Астанада ТМД-ға мүше елдер басшыларының басқосуын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің бүгінгі отырысында гуманитарлық ынтымақтастыққа, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өзара ынтымақтастықтың басқа да аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер талқылануда.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін құрылды. Бұл одақтың құрылуы туралы декларацияға 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина басшылары қол қойды. Грузияның бұл одаққа мүше болуы мүше мемлекеттер президенттерінің 1993 жылғы 3 желтоқсандағы ресми шешімінен кейін және осы елдің президенті  Эдуард Шеварназеденің  1993 жылғы 8 қазандағы   өтініші бойынша жүзеге асты. ТМД бюджетінің 70 пайыздан астамын Ресей төлейді.