Қаз 22, 2022 15:27 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Еуразиялық одақ арасындағы сауда айналымы 17 миллиард долларға жетті

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен өзара саудасы ағымдағы жылдың 8 айында 5 пайыздық өсіммен 17 миллиард долларға жетті.

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында:  «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы белсенді іс-қимылдар өзара сауда-өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге, көліктік логистиканы дамытуға және халық пен сауданың басқа да өзекті мәселелеріне байланысты міндеттерді үздіксіз және жүйелі түрде шешу мүмкіндігін қамтамасыз етеді»,- деді. Смайыловтың айтуынша, жалпы алғанда, аталған одақ құрылғаннан бері Қазақстан оған мүше елдеріне өңделген өнім экспортын 64 пайызға арттырған және уақыт өте келе өнім ассортименті түпкілікті тауарлар пайдасына кеңейеді.

 

Тегтер