Қазақстанда 25 қазан Республика күні
(last modified Tue, 25 Oct 2022 02:24:15 GMT )
Қаз 25, 2022 08:24 Asia/Almaty
  • Қазақстанда 25 қазан Республика күні

1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды.

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы 25 қазан Республика күні ретінде тойланып келді. Республика күні Қазақстанда 1992 жылдан бері тойланып келе жатқанымен мемлекеттік мерекелер тізіміне тек 2001 жылы ғана енгізілді. Алайда бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен 2009 жылы алынып тасталды. 

Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтай барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынып: "Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек",- деген.

Тегтер