Қазақ Ұлттық Университеті - мақтанышым
(last modified Mon, 31 Oct 2022 15:24:13 GMT )
Қаз 31, 2022 21:24 Asia/Almaty
  • Қазақ  Ұлттық  Университеті - мақтанышым

Алматы қаласында орналасқан әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университеті жетекші жоғарғы оқу орны ретінде өзін бірнеше рет дәлелдеді. Ол әлемдік білім сахнасында он алты факультетімен еңсесі биік тұрған бірден-бір ұлттық университет.

         Сонау 1934 жылы университет қабырғасы қаланып, биология  факультеті   өз жұмысын  бастады.   Факультет биология мамандығын  және  биотехнология мамандарын даярлайды.

        Шығыстану  факультеті түрлі  шет  тілдерін меңгертумен  беделді орын алады, түркология, араб тілі және корейтану ғылыми зерттеу орталықтары, үндітану, қытайтану, ирантану, жапонтану ресурстық-ақпараттық орталықтары жұмыс істейді.

Журналистика  факультеті  университет  ашылған жылдан бастау алады,   содан  бері  құрамында баспасөз  және  электронды БАҚ  жұмыс істеп тұрған жетекші факультетттердің бірі.  

Жоғары  оқу  орнына  дейінгі білім  беру  факультеті 2011 жылы іргетасын  қалап,  кеңейе отырып, құрамында  ЖОО-ға  дейінгі  дайындық  кафедрасы,  шетелдіктердің тілдік және  жалпы  білім  беру  кафедрасы, колледж, бейіндік  мектеп  жұмыс істейді.

ЖОО-ға  дейінгі   дайындық   кафедрасында  шет  елдерден  келген   ұлты қазақ жастарға мемлекетіміздің қаржысы арқылы тегін оқуына  мүмкіндіктер жасалған  және  ҚР-да  таңдаған  мамандықтары бойынша  ҰБТ тапсырып, мемлекеттік грант бойынша білім алуына мүмкіндік қарастырылған.

           Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Quacquarelli Symonds (QS,Ұлыбритания), Thomson Reuters (США) агенттіктерінің зерттеулеріне сәйкес, дүние жүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша өткен жылы әлемдік топ-университеттер рейтингінде 2022  жылы  150-ші дәрежеге енді. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіндегі Орталық Азиядағы тұңғыш университет болып саналады.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

аға оқытушысы Үсенбекова А.Е.

Тегтер