Тоқаев "Қаңтар оқиғасына" қатысқандар мен сотталған кейбір адамдарға рақымшылық жариялады
(last modified Thu, 03 Nov 2022 15:10:07 GMT )
Қар 03, 2022 21:10 Asia/Almaty
  • Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл елде болған "Қаңтар оқиғасына" қатысқандар мен сотталған кейбір адамдарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.

Қазақстан халқы биыл 2 қаңтарда көлікке арналған сұйық газ бағасының артқанынан бір күн өткеннен кейін көшеге шығып, үкіметтің шешіміне қарсы наразылық акциясын өткізді. Осы наразылықтарда жүздеген адам қаза тауып, жараланды. Мыңдаған адам қамауға алынды.

Тоқаев "Қаңтар оқиғасына" қатысқандар мен сотталған кейбір адамдарға рақымшылық жариялағаннан кейін 2022 жылы 4-8 қаңтар арасында арандатушыларға еріп, бүлікке қатысып, қылмыстық іс жасаған азаматтарға кешірім жасалады.

Бұл заң Қаңтар оқиғасы барысында заңсыз әрекеттерді басып-жаншып, өздері де қылмыс жасаған әскерилер мен офицерлерге қатысты. Қазақстанның 1500-ге жуық азаматына рақымшылық жасалады деп күтілуде.

Тегтер