Қар 07, 2022 20:18 Asia/Almaty
  • Тоқаев – Қазақстанда өтетін президенттік сайлауда жеңуі мүмкін үміткер

Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңында үгіт-насихат науқаны жүріп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі президент сайлауда жеңіске жететіні күмәнсіз.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін жариялағаннан кейін жалпы 15 адам  президент болуға ниет білдірді. 9 адамның құжаты қабылданбады. Соңында тек 6 адам үміткер ретінде ресми түрде тіркелді.

Кезектен тыс президенттік сайлаудағы басты тұлға – қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Бірнеше саяси партия, соның ішінде Аманат партиясы, Қазақстан халық партиясы, Ақ жол және басқа қоғамдық ұйымдар оның кандидатын қолдады.

Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы "Жаңа Қазақстан" ұғымына негізделген. Сол себепті Тоқаев Қаңтар оқиғасынан кейін бастаған реформаларда монополияны жою, экономиканы монополиялаудан бас тарту, сыртқы саясатта бейтараптықты сақтау және әлеуметтік мәселелерді шешу назарға алынған.  

Қазақстанда қаңтар айында қанды қақтығыс болды.

Тегтер