Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының ісі сотта қаралып жатыр
(last modified Tue, 08 Nov 2022 13:15:07 GMT )
Қар 08, 2022 19:15 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының ісі сотта қаралып жатыр

Қазақстанның Бас прокуроры Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларының ісі үкім шығару үшін  Астана  қаласының  мамандандырылған сотына жіберілгенін хабарлады.

 

«Fars news» агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Бас прокуратурасы: «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен орынасары Әнуар Садықұловтың  істері мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп тартып алу және ауыр зардаптарға әкеп соқтырған пайда мен артықшылық алу мақсатында қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыптар бойынша сотқа жолданды. Сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарлары Дәулет  Ерғожин пен Марат Өсіповтің  және осы комитеттің жоғары лауазымды қызметкерлері  Акипов пен Бекмұраттың тергеуі қылмыстық заңның түрлі баптары негізінде аяқталып, жоғарыда аталған сотқа жолданды.

 

Тегтер