Қар 17, 2022 18:51 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы президенттік сайлауға үміткерлер

20 қарашада Қазақстанда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға үміткерлер 19 қараша – үнсіздік күніне дейін елдегі ең жоғары лауазымға ие болу үшін дауыс берушілерге өз бағдарламаларын ұсынып, елді жақсартып, оң өзгерістер жасаймыз деп уәде береді.

Қазақстандағы президенттік сайлауға үміткерлер дауыс берушілерге өз бағдарламалары мен саяси әлеуеттерін таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқанына екі аптадан асты.    

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Жаңа заң бойынша Қазақстан Президенті бір рет 7 жылдық мерзімге сайланады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандағы президенттік сайлауға үміткерлер тізіміне 6 адам тіркелген. Олардың есімдері дауыс беру бюллетенінде келесі тәртіп бойынша орналасатын болады:

Қарақат Әбден – Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсының үміткері.

Нұрлан Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның үміткері.

Жигули Дайрабаев – "Ауыл" партиясының кандидаты.

Мейрам Қажыкен – "Аманат" кәсіподақтар бірлестігінің үміткері.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстанның қазіргі президенті, "Аманат", "Ақ жол" және Қазақстанның халық партиясы сияқты Парламенттегі үш партия мен ондаған қоғамдық ұйым біріккен "халық" коалициясының үміткері.

Салтанат Тұрсынбекова – "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің үміткері.

Сондай-ақ алғаш рет сайлауда "бәріне қарсымын" деген графа қарастырылған. Дауыс берушілер үміткерлерді ұнатпаса, осы графаны пайдалана алады.

Тегтер