Қазақстанда төңкеріс жасауға дайындалды деген айыппен 7 адам қамауға алынды
(last modified Fri, 18 Nov 2022 15:35:27 GMT )
Қар 18, 2022 21:35 Asia/Almaty
  • Қазақстанда төңкеріс жасауға дайындалды деген айыппен 7 адам қамауға алынды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті бейсенбі күні 20 қарашада өтетін президенттік сайлау кезінде төңкеріс жасауға дайындалды деген айыппен 7 адамның қамауға алынғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің "Ле Фигаро" газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес қамауға алынғандар қылмыскер топ деп таныстырылды. Олар жарылғыш заттар мен қару-жарақтарды пайдаланып, полиция бөлімшелеріне шабуыл жасап, бүлік шығаруға дайындалған.

Мәліметте: "Бұл оқиға Қазақстанда 238 адамның жанын қиған бұрын-соңды болмаған бүлік басылғаннан бір жыл өтпей жатып орын алды",-делінген.  

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті: "Құрықталған 7 күдікті – қуғында жүрген Мұхтар Әблязовтың жақтастары",-деп хабарлады.

Тегтер