Қар 18, 2022 22:57 Asia/Almaty
  • Қазақстаннан тыс жерде ондаған сайлау учаскесі ашылады

Қазақстан үкіметі елден тыс жерде жүрген азаматтар үшін әлемнің түрлі елдерінде 68 уческе ашады.

Қазақстанның кезектен тыс президенттік сайлауы 20 қарашада елде саяси өзгерістер жасау мақсатында өтеді.  

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан СІМ-нің лауазымды тұлғаларының бірі Айбек Смадияров: "12 мыңнан аса қазақ азаматы әлемнің 53 елінде ашылатын 68 сайлау учаскесінде дауыс бере алады",-деді.  

Қазақстан СІМ: "8 халықаралық ұйым (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық және адам құқығы бюролары, ТМД, ТМД-ға мүше елдердің парламентаралық ассоциациясы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының парламентаралық ассоциациясы, Түркі тілдес елдердің ұйымы, Түркі тілдес елдердің парламентаралық ассоциациясы, шет елдердің өкілдері, осы елде орналасқан дипломатиялық институттар) кезектен тыс президенттік сайлауға бақылау жүргізеді",-деп мәлімдеді.

139 халықаралық бақылаушы сайлауда бақылау жүргізеді. Жалпы Қазақстанда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауына 600 бақылаушы қатысады.

Кезектен тыс президенттік сайлау жексенбі, 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ға дейін өтеді деп жоспарланған.

Қазақстанның жаңа заңы бойынша президент тек бір рет 7 жылдық мерзімге сайланады.

Тегтер