Қар 20, 2022 14:22 Asia/Almaty
  • Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау басталды

Қазақстанда 6 үміткердің бәсекеге түсуімен кезектен тыс президенттік сайлау басталды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау басталды.

Осы сайлауда 6 үміткер, соның ішінде Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекеге түсіп жатыр.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы елде сайлауға қатыса алатын азаматтар санын 11 млн 800 мың адам деп жариялады.

Бүгінгі сайлау үшін Қазақстан ішінде 10101 дауыс беру учаскесі, әлемнің 58 елінде 68 учаске ашылды.  

Әлемнің 35 елі мен 10 халықаралық ұйымнан 641 халықаралық байқаушы Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау барысын бақылап жатыр.

Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлаудың бастапқы нәтижесі дауыс беруден 24 сағат өткен соң, ал қорытынды нәтижесі сайлаудан екі апта өткен соң жарияланады.

 

Тегтер