Қар 20, 2022 23:01 Asia/Almaty
  • Тоқаев: Қазақстанда билікке ешқандай монополия болмайды

Қазақстанның қазіргі Президенті бүгін кезектен тыс сайлауда дауыс беріп болған соң сөйлеген сөзінде: "Бұл елде ендігәрі билік монополиясы болмайды",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауда дауыс беріп болған соң тілшілерге берген сұхбатында: "Ендігәрі билік монополиясы деген тақырып болмайды",-деді.

Тілшілер президенттік кезеңнің 7 жылдық мерзіммен шектелгенін  ескеріп, Тоқаевтан: "Халыққа уәде етілген бағдарламаларды орындауға осынша мерзім жеткілікті ме?"-деп сұрады.

Қазақстан Президенті: "7 жыл жеткілікті деп санаймын. Өйткені бұл – әр адамның өміріндегі ұзақ мерзім. Маңызды нүкте мынада: біздің елде енді билікке ешқандай монополия болмайды. Билікті монополияға айналдыруға тыйым салынды. Бұл – маңызды іс. Алдағы 21 жылдың ішінде үш президент болады",-деп жауап берді.

Тоқаев өз сөзінің басқа бір бөлігінде Қазақстанның БҰҰ жарғысына және көпмақсатты сыртқы саясатқа берік болуы тиістігін айтып: "Қазақстанның геостратегиялық жағдайын, ел экономикасына 300 млрд-тан аса доллар тартылғанын және ел нарығында әлемнің ең ірі трансаймақтық компанияларының жұмыс істейтінін ескере отырып, үкімет көпмақсатты сыртқы саясат ұстануға міндетті. Мен талай рет айттым: Қазақстан БҰҰ жарлығына берік болып, бейбіт сыртқы саясат жүргізуі тиіс. Біз осылай істейтін боламыз",-деді.

Қазақстан Президенті тілшілердің жаңа саяси партиялардың пайда болу ықтималы туралы сұрағына жауабында: "Келер жылдың бірінші жартысында жаңа парламенттік сайлау өткізіледі. Жаңа бірнеше партия тіркейміз. Бұл ел мүддесіне сай",-деді.

Айта кету керек, Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ге дейін 4 млн 606 мың адам сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Бұл жалпы дауыс берушілердің 38,5 пайызын құрайды.     

Тегтер