Қар 29, 2022 17:07 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы проблемалық энергетикалық компанияларды ұлттандыру қарастырылуда

Қазақстан үкіметі проблемаға тап болған энергетикалық компанияларды мемлекет меншігіне алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

Қазан айында Қазақстан үкіметі өңірлік электр желілерінің тозуы шамамен 65 пайызға жеткенін хабарлады. Электр қуатын беру кезінде жоғалтулар жоғары және жаңарту жұмыстары жиі кешіктіріледі. Бұл шешім Қазақстанның мыңдаған тұрғыны соңғы уақытта электр қуатының үзілуінен қысқы маусымда жылу мәселесіне тап болғаннан кейін қабылданды.

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-те: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Әлихан Смаиловқа энергетика саласындағы проблемалық компанияларды мемлекет меншігіне алу мәселесін тексеруді тапсырды»,- деп жазды.

 

Тегтер