Жел 03, 2022 00:19 Asia/Almaty
  • Қазақстанның бір қаласында төтенше жағдай жарияланды

Қазақстан үкіметі елде ауа райы -30 градус болып тұрған жағдайда жылыту жүйесінің істен шығуына байланысты төтенше жағдай жариялады.

"Шафақана" ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, Қазақстанның солтүстігінде орналасқан 150 мың тұрғыны бар Екібастұз қаласының басшылары тұрғын үйлерді жылу және жылы сумен қамтамасыз ететін Жылу электр стансасында туындаған ақауды түзеуге талпынып жатыр.

Екібастұз қаласындағы ауа райы өткен бірнеше күнде -30 градустан төмендеді. Жексенбі күні, 27 қарашада қалада жылы су және жылыту жүйелері істен шықты.

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов сәрсенбі күні Екібастұзға барып, осы оқиғаға жауаптыларды жазалауға уәде берді.

Тегтер