Қазақстанда министрлер кабинетіне өзгеріс енгізілді
(last modified 2023-01-05T04:36:09+00:00 )
Қаң 05, 2023 10:36 Asia/Almaty
  • Қазақстанда министрлер кабинетіне өзгеріс енгізілді

Қазақстан президенті бірнеше министрді қызметінен босатып, жаңа министрлерді таныстырды.

Қазақстан газ бағасының көтерілуіне наразылық ретінде 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін реформаларды күн тәртібіне қойды. Осы тәртіпсіздіктерден кейін конституцияға өзгерістер енгізіліп, елдің бірнеше шенеуніктері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен қамауға алынып, кейбіреулері қызметінен шеттетілді. Бірақ бұл реформалар әлі де жалғасуда.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Зүлфия Сүлейманова Экология және табиғи ресурстар министрі болып, Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып таныстырылды. Білім министрлігін Ғани Бейсембаев басқарып, Мәдениет және спорт министрі болып Асхат Оралов келді. Тоқаев Әділет министрлігінің басшысы етіп Азамат Есқараевты, вице премьер-министр болып Ғалымжан Қойшыбаевты таңдады.

Тоқаевтың үкіметтегі бұл өзгерістерді жүзеге асыру себептері айтылмайды.

Тегтер