Тоқаев 2022 жылғы қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алу рәсімге қатысты
(last modified 2023-01-07T08:50:39+00:00 )
Қаң 07, 2023 14:50 Asia/Almaty
  • Тоқаев 2022 жылғы қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алу рәсімге қатысты

2022 жылғы қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алу рәсімі Қазақстан астанасындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа да қазақстандық ресми тұлғалардың қатысуымен өтті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл рәсімде Қазақстанның Бас мүфтиі  Наурызбай қажы Тағанұлы  Құран аяттарын оқып, одан кейін өткен жылғы оқиғаларда қаза тапқандардың рухтары тыныштығы үшін дұға  жасады.

2022 жылдың 2 қаңтарында Қазақстанда бензин бағасының көтерілуіне байланысты наразылық шерулері басталды, бұл шерулерге қатысушылардың кейбірі экономикалық талаптармен қатар үкіметтің отставкаға кетуі сияқты саяси мәселелерді де көтерді. Қазақстанның үлкен бөлігін жаппай тәртіпсіздіктер басып, тәртіпсіздіктер мен қауіпсіздік және әскери күштер арасындағы қақтығыста 230-дан астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.

Тегтер