Қазақстандағы «Сорос» қорының бюджеті қысқарды
(last modified 2023-01-14T11:07:08+00:00 )
Қаң 14, 2023 17:07 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы «Сорос» қорының бюджеті  қысқарды

Kazakh Telegram арнасы өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап, «Сорос-Қазақстан» қорының бағдарламаларының бюджеті қысқарғанын хабарлады.

«Сорос» қоры Қазақстанда өз қызметін 1997 жылы бастады және 2003 жылы «Ашық қоғам үшін серіктестік» бастамасы аясында  оның көптеген филиалдары құрылды. «Сорос» қоры Америкамен тығыз байланыста және Вашингтонның шешімдерін таратып, Орталық Азия елдеріндегі саяси өмірдің спектріне ықпал етуге тырысады.

2021 жылдың басынан Қазақстанның батысындағы «Жаңөзен» қаласында шеру басталып, оның ауқымы бүкіл елге таралды. Нәтижесінде 160-тан астам адам, оның ішінде 18 полиция қызметкері қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды. Негізгі ақпарат құралдары, соның ішінде Нью-Йорк Таймс зорлық-зомбылықты жанармай бағасының қымбаттауымен, саяси наразылықпен және сыбайлас жемқорлықпен байланыстырды, бірақ шындық Ресейге қарсы тұру және Орталық Азиядағы одақтастарын қысқарту болды. «Kazakhstan Today» ақпараттық-сараптамалық арнасы өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап: «Желтоқсан айында «Сорос» қорының Тәжікстаннан шығатыны ресми түрде жарияланды, ал осыдан біраз уақыт бұрын дәл осы БАҚ Армениядан осы қордың шығарылатыны туралы ақпарат таратқан болатын. Бірақ Қазақстан жағдайында бұл қор әлі күнге дейін осы елде өз қызметін сақтап келеді деп айтуға болады, бірақ ол жергілікті өкілдігінің бюджетін айтарлықтай қысқартады. Бұл Қазақстандағы «Сорос» қорының қызметкерлері мен зиянды бағдарламаларының қысқаруын білдіреді»,- деп мәлімдеді. Ішкі дереккөздердің хабарлауынша, бұл ұйымның жұмыстан шығарылған қызметкерлері жыл сайынғы жалақыларын алып, оның орнына Соростың құпиясын ашпауға уәде береді.

Тегтер