Қаң 17, 2023 14:28 Asia/Almaty
  • Мексика Қазақстанда елшілігін ашуды жоспарлап отыр

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мексиканың Астанада елшілігін ашу туралы шешімін жариялады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында бұл жаңалықты жариялауымен бірге Мексиканың бұл шешімін құптады. Ол: «Мексиканың Сыртқы істер министрі Марсело Эбрард 12-13 қаңтарда Мехико қаласында осы елдің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысқан жыл сайынғы жиында 2023 жылы Мексика 5 елде, оның ішінде Қазақстанда да елшілік ашатынын мәлімдеді»,- деді. Смадияров Мексиканың Қазақстандағы алғашқы елшілігінің ашылу күнін атап өтпеді.

Тегтер