Қазақстанда тұратын шетел азаматтарына жаңа ереже енгізілді
(last modified Thu, 19 Jan 2023 16:00:16 GMT )
Қаң 19, 2023 22:00 Asia/Almaty
  • Қазақстанда тұратын шетел азаматтарына жаңа ереже енгізілді

Қазақстан үкіметі өз территориясындағы шетел азаматтарын бақылауды арттыру үшін шетелдіктердің елге келу және болу заңына өзгеріс енгізді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі шетелдіктердің елге келу және болу заңына өзгеріс енгізу және жаңарту туралы мәлімдеме жариялады.

26 қаңтарда заңдық күшке енетін осы заң бойынша, Қазақстанға виза талап етпейтін тәртіппен келген мигранттар 180 күн ішінде тек 90 күн ел территориясында бола алады.

Бұрын 90 күндік рұқсат аяқталғаннан кейін шетел азаматтары Қазақстаннан кемінде бір күнге шығып, қайта кіру арқылы елде болу мерзімін ұзарта алатын еді.