Қазақстан мен Өзбекстан арасында сотталғандармен алмасу туралы хаттама бекітілді
(last modified 2023-01-19T17:03:34+00:00 )
Қаң 19, 2023 23:03 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында сотталғандармен алмасу туралы хаттама бекітілді

Қазақстан Парламентінің өкілдері осы ел мен Өзбекстан арасында сотталғандармен алмасу туралы хаттама жобасын бекітті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы хаттама бойынша Өзбекстанда жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматтары өтініш білдірген жағдайда жаза мерзімін өз елінде өтей алады.

Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев: "Осы жобаға қол қою туралы келіссөздер ұзақ жылдарға созылды. Хаттамаға қол қойылар алдында екі ел азаматтарының екі ел территориясында жасаған қылмыстары, жалпы қылмыстық жағдайға әсері зерттеліп, бағаланды",-деді.

Әсет Шындалиев: "Қазақстанның Бас прокуратурасы елде жазасын өтеп жатқан 225 өзбекстандық азамат арасында сауалнама жүргізді. Олардың бәрі жазаларын өз елдерінде өтеуге ниет білдірді",-деп еске салды.

Әсет Шындалиев: "Өзбекстанда жазасын өтеп жатқан 20 қазақстандық азаматқа жазаларының қалған мерзімін елде өтеуге қарсылық болмайды",-деп үміт білдірді.

Тегтер