Қаң 21, 2023 14:46 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ресейдің Газпромы арасындағы ынтымақтастықтың жол картасына қол қойылды

Қазақстан премьер-министрінің баспасөз орталығы осы ел мен Ресейдің «Газпром» арасындағы ынтымақтастықтың жол картасына қол қойылғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары  Роман Скляр Ресейдің Санкт-Петербург қаласына сапары барысында «Газпром» директорлар кеңесінің төрағасы  Алексей Миллермен кездесіп, сөйлесті.

Осы кездесудің нәтижесінде тараптардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын, әсіресе Орынбор газ өңдеу зауытында қазақстандық газды өңдеу,  Ресейден Қазақстанға газ импорттау мүмкіндігін, сондай-ақ екі тарап арасындағы ынтымақтастықтың басым жобаларын айқындайтын жол картасына қол қойылды.