Қазақстанда екінші азаматтығын жасырғандарды ауыр жаза күтіп тұр
(last modified 2023-02-21T12:30:00+00:00 )
Ақп 21, 2023 18:30 Asia/Almaty
  • Қазақстанда екінші азаматтығын жасырғандарды ауыр жаза күтіп тұр

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы екінші азаматтығын жасырған азаматтарға жазаны күшейту бойынша заңдық шаралар  қолданылатынын хабарлады.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек екінші азаматтық алудың салдарын болдырмау үшін басқа елдің азаматтығын қабылдаған бұл елдің азаматтары 30 күн ішінде екінші азаматтығын тіркеуі керектігін мәлімдеді. Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Екінші азаматтығын жасырғаны үшін ай сайын 690 000 теңге айыппұл салу немесе осы елден депортациялау қарастырылған. Өткен жылы Қазақстанда қос азаматтыққа байланысты құзырлы органдарға 841 адам хабарланып, 138 адам сот шешімімен бұл елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды»,- деді.

Соңғы бес жылда Қазақстанда азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін 3515 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның ішінде 3 мыңнан астам адамға айыппұл салынып, 473 адам елден шығарылған немесе Қазақстан азаматтығынан шыққан.

 

Тегтер