Иран Елшісі: Қазақстанның саясаты – Иран арқылы ашық суға шығу
(last modified 2023-02-22T07:48:07+00:00 )
Ақп 22, 2023 13:48 Asia/Almaty
  • Иран Елшісі: Қазақстанның саясаты – Иран арқылы ашық суға шығу

Иранның Қазақстандағы елшісі осы ел үкіметінің ИИР-мен экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екендігі туралы хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Қазақстандағы елшісі  Әлиакбар Джокар сәрсенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысындағы «Шәхид Раджаи» портының арнайы экономикалық аймағын  аралап, оның мүмкіндіктерімен танысып: «Қазақстан үкіметінің маңызды экономикалық саясаттарының бірі – Иран порттары, әсіресе «Шәхид Раджаи» порты арқылы ашық суларға шығу»,- деді. Джокар Қазақстан әлемдегі ең ірі астық экспорттаушылардың бірі екеніне тоқталып: «Хормозган порттарының қуаттылығы сондай, Қазақстанның мемлекеттік және жеке секторлары үшін осы облыстың осы қуаттары мен нысандарын экспортқа пайдалану маңызды. Көрші елдермен, әсіресе Ресей, Қазақстан және Орталық Азия елдерімен сауда, көлік және инвестициялық қарым-қатынастарды кеңейту Иранның басымдығы болып табылады және қазіргі уақытта бұл мүмкіндік Хормозган облысында жақсы қамтамасыз етілген»,- деп мәлімдеді.

Тегтер