Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы артып келеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i67956
Қазақстанның Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары: "Аймақтық қарым-қатынасты дамыту және ғылым мен технология саласында тәжірибе алмасуға бағытталған Иран мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынас артып келеді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 26, 2023 21:02 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы артып келеді

Қазақстанның Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары: "Аймақтық қарым-қатынасты дамыту және ғылым мен технология саласында тәжірибе алмасуға бағытталған Иран мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынас артып келеді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қанат Құлжанов жексенбі күні Сари қаласында Мазандеран облысы әкімінің экономикалық және туристік істер жөніндегі орынбасары басқарған инвестициялық отырыста: "ИИР-дың экономикалық және инвестициялық инфрақұрылымдары айтарлықтай. Өткен жылдары Иран мен Қазақстан арасында жақсы байланыс орнады",-деді.

Қанат Құлжанов: "Осындай келіссөздер өткізіп, жоспарлаудың арқасында алдағы жылдарда Қазақстан мен дос әрі бауырлас Иран арасында сауда айналымы артады",-деді.

Қазақстанның Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары: "Мазандеран облысы цитрус жемістері, балық және азық-түлік саласында жақсы әлеуетке ие. Қазақстан осы экономикалық бірліктердің тәжірибесін пайдаланып, олардың өнімдерін қажетті көлемде импорттауды көздеп отыр",-деді.