Ақп 26, 2023 21:16 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Түркіменстан халықаралық тасымал саласында әріптестікті арттырады

Қазақстан мен Түркіменстанның басшылары халықаралық тас жол тасымалы саласында әріптестікті арттыруға келісті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні Қазақстан мен Түркіменстанның тас жол тасымалы ортақ комиссиясының онлайн отырысында екі елдің тасымал саласында жемісті әріптесуі, Қазақстан-Түркіменстан-Иран трансұлттық темір жол желісін пайдалану мәселелері талқыланды. Осы темір жол арқылы тауар Парсы шығанағы мен Үнді мұхиты елдері және Еуропаға тасымалданады.  

Бұдан бұрын Түркіменстан темір жол ынтымақтастығы ұйымының басшысы Мирослав Антонович Қазақстан-Түркіменстан-Иран трансұлттық темір жолын аймақ үшін маңызды деп атаған болатын.

Тегтер