Қазақстан Өзбекстанның 3 электр станциясын көмірмен қамтамасыз етеді
(last modified 2023-02-28T07:43:27+00:00 )
Ақп 28, 2023 13:43 Asia/Almaty
  • Қазақстан Өзбекстанның 3 электр станциясын көмірмен қамтамасыз етеді

Қазақстан Өзбекстандағы 3 ірі жылу электр станциясын кемінде 10 жыл көмірмен қамтамасыз етеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, көмір жеткізу келісімшарты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы инвестициялық келісімшарттар мен коммерциялық келісім-шарттарды жүзеге асыру жол картасына енгізілген 37 жоспардың бірі болып табылады.

Кеше, дүйсенбіде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин өзбек әріптестерімен кездесіп: «Екі аймақтың түйіскен тұсында біз екі жақтың қарым-қатынасындағы үлкен жаңалық болатын тұғырнама құрдық. Өйткені екі елдің үкіметтері арасындағы кез келген өзара іс-қимылдың, ұзақ мерзімді және терең ынтымақтастықтың негізі болып табылатын өнеркәсіптік кооперация дамыған»,- деді.

Тараптар бірлескен өнеркәсіптік кооперация орталығының құрылыс алаңын да талқылап, «Атамкен» бақылау-өткізу бекетінің жанынан жаңа нысан салу туралы шешім қабылдады.

Тегтер