Қазақстан мен Қытай  сауда алмасуын ұлғайтуға келісті 
(last modified 2023-03-03T12:48:04+00:00 )
Нау 03, 2023 18:48 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қытай  сауда алмасуын ұлғайтуға келісті 

Қазақстан мен Қытай басшылары сауда алмасуды ұлғайту туралы келісті.

Бейсенбі күні Астанада Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесу барысында Қазақстанның Премьер-министрі Әлихан Смайылов елдің өзара тиімді ынтымақтастыққа, әсіресе коммерциялық саладағы ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді. Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда алдағы жеті жылда 35 миллиард долларға жетеді деп келісті.

Қазақстан мен Қытай шенеуніктері сондай-ақ ірі магистральдар мен жаңа өнеркәсіп орындарының құрылысы туралы келісімге келді.

Бұл кездесуде өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар секторы, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың басымдықтары, сондай-ақ маңызды жобалардың бірі – жақын арада ашылатын «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы туралы айтылды.

Айта кетерлік жайт, Қытай Қазақстан экономикасына инвесторлардың бестігіне кіреді.

Тегтер