Қазақстан гендерлік теңсіздік көрсеткіші бойынша 65-ші орында
(last modified 2023-03-09T11:25:23+00:00 )
Нау 09, 2023 17:25 Asia/Almaty
  • Қазақстан гендерлік теңсіздік көрсеткіші бойынша 65-ші орында

Соңғы 10 жылда бірінші рет Қазақстан гендерлік теңсіздік көрсеткіші бойынша 2022 жылғы халықаралық рейтингте 15 орынға жоғарылап, әлемнің 146 елі арасында 65-ші орынға тұрақтады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл зерттеудің мақсаттары –  Қазақстанның гендерлік саясатының ерекшеліктерін ескере отырып, осы саладағы түйткілді жайттарды қарастыру, саяси-әлеуметтік жұмыстарда әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге әсерлі жолдарды анықтау.

Қазақстан жанұяларын әлеуметтік дамыту институтына қарасты зерттеу орталығының басшысы Ольга Николаева: "Шағын және орта кәсіпте әйелдердің 30 пайызы және ерлердің 70 пайызы жұмыс істеп жатыр деп есептейік. Жалақы алуда гендерлік теңсіздік бар. Көбіне ерлердің пайдасына шешіледі. Ерлермен салыстырғанда ең жоғары лауазымдарда істейтін әйелдердің саны аз",-деп мәлімдеді.

Тегтер