"Байқоңыр" ғарыш алаңындағы ресейлік мүліктің бір бөлігі Қазақстанға өтті
(last modified 2023-03-12T12:50:21+00:00 )
Нау 12, 2023 18:50 Asia/Almaty

Қазақстан үкіметі "Байқоңыр" ғарыш алаңындағы ресейлік мүліктің бір бөлігін қайтарымсыз меншіктеу туралы бұйрыққа қол қойды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі "Байқоңыр" ғарыш алаңының ресейлік мүлкінің бір бөлігін қайтарымсыз меншіктеу туралы бұйрыққа қол қойды. Осылайша Қазақстан 11F647M ғарыш кемесі, оның қосалқы бөлшектері, монтаждау және сақтау бөлімі және ондағы құрал-жабдықтар, заттарды тестілеу жүйесі, басқа да екі жүйеге иелік ететін болды.

Бұл бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.   

"Байқоңыр" ғарыш алаңы – әлемдегі алғашқы әрі ең ірі ғарыш кемесін ұшыру орталығы. Ол Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл алаң 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына жалға берілген.

Тегтер