Адам құқығы – Қазақстан билігі мен БҰҰ арасындағы консультацияның басты тақырыбы
(last modified Wed, 22 Mar 2023 04:30:13 GMT )
Нау 22, 2023 10:30 Asia/Almaty
  • Адам құқығы – Қазақстан билігі мен БҰҰ арасындағы консультацияның басты тақырыбы

Астанаға сапарында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Қазақстан Президентімен кездесіп, адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды нығайту мәселелерін талқылады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесті. Тоқаев Қазақстан мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін Тюрк сапарының маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Президенті өз елінің адам құқықтарын қорғау саласында тығыз байланыс орнатуға және ақпарат алмасуға дайын екенін мәлімдеді. Тоқаев: «Қазақстан БҰҰ-ның барлық негізгі конвенциялары мен хаттамаларын ратификациялады, ұлттық деңгейде адам құқықтары саласындағы белсенді өзара іс-қимылдың жұмыс тетіктері құрылды», - деді. Қазақстан Президентінің айтуынша, өткен жылғы жалпыхалықтық референдум мен президенттік сайлау кезінде өткен «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін үкімет» қағидаты аясында қоғамдық-саяси жаңғырту қолдау тапты.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары да осы ұйым мен Қазақстан билігі арасындағы жылдар бойы дамып келе жатқан адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық деңгейін оң бағалады.